3 сағат бұрын
Қазақ спортшылары Каирде үш мәрте чемпион атанды
Мысырдың Каир қаласында оқ атудан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңі өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы халықаралық жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, үш алтын медаль жеңіп алды.
Екі дүркін чемпион атанған Олег Носков 50 метрден винтовкамен жатқан күйде ату бағдарламасында жеңіске жетті. Сондай-ақ ол 50 метрден үш қалыпта ату жарысында да бірінші орынды иеленді.
Тағы бір қазақстандық спортшы Кирилл Цуканов 25 метрден тапаншамен ату сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Осылайша Қазақстан құрамасы Каирдегі жарысты табысты аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан