2 күн бұрын
Нысана көздеуден қазақстандық спортшылар әлем кубогында үш алтын алды
Сурет: ISSF
Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.
Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын медаль иеленді.
Сондай-ақ Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.
Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан бірінші орын алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан