16 сағат бұрын
Элизабет Тұрсынбаева: жанкүйерлердің қолдауы өте жоғары болды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Астанада бапкер Этери Тутберидзенің мұз шоуындағы өнерінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
«Соңғы рет мен бір жыл бұрын, дәл осы шоуда өнер көрсеткенмін. Сәл қиын болды. Бірақ жалпы көрермендердің қолдауы керемет болды. Өте көп адам жиналды. Солардың арқасында, бәлкім, мен бағдарламамды сәтті орындап шықтым.
Жалпы, мен өзім үшін тұрақты түрде жаттығамын. Сондықтан бұл шоуға арнайы дайындалған жоқпын. Өткен жылғы бағдарламамен-ақ өнер көрсеттім», — деді спортшы.
Элизабет Тұрсынбаева — 2019 жылы Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатының, АҚШ-тың Анахайм қаласында өткен төрт құрлық чемпионатының және Ресейдің Красноярск қаласында өткен 2019 жылғы Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері. 2018 жылы Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Ол ересектер арасындағы ресми халықаралық жарыстарда төрт айналымдық секіруді (сальхов) алғаш орындаған спортшы (2019 жылғы әлем чемпионаты).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов