14 сағат бұрын
Қазақстан қоржынына тағы үш жүлде түсті
Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш жүлдеге ие болды.
Жарыста Виктор Друзин еркін бағдарламада үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды. Ол бұған дейін техникалық бағдарламада да қола жүлде иеленген болатын.
Техникалық бағдарламада дуэт Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова күміс медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ осы бағдарламада Айганым Саим мен Артур Майданов қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Әлем кубогы кезеңі 3 мамырда аяқталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан