4 сағат бұрын
Қазақстан спортшылары әлем аренасында өнер көрсетеді
Алдағы күндері Қазақстан спортшылары әлемнің түрлі елдерінде өтетін беделді халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайды.
5–10 мамыр күндері садақ атудан әлем кубогінің 2-кезеңі Қытайдың Шанхай қаласында өтеді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасынан 8 спортшы сынға түседі.
8–10 мамыр аралығында Астана қаласында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі ұйымдастырылады. Ел намысын 53 дзюдошы қорғайды.
Сол күндері Мажарстанның Сегед қаласында байдарка және каноэде ескек есуден әлем кубогі өтеді. Жарыста 12 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді.
Сондай-ақ, Колумбияның Медельин қаласында семсерлесуден (шпага) Гран-при турнирі өтеді. Қазақстаннан 8 спортшы қатысады.
Қытайдың Сучжоу қаласында спорттық құзға өрмелеуден халықаралық турнир өтсе, Қазақстан құрамасынан 2 спортшы бақ сынайды.
Ал 8 мамыр күні Чехияның Подебрады қаласында жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс өтеді. Онда 2 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.
Осылайша мамыр айының алғашқы онкүндігі қазақстандық спортшылар үшін халықаралық додаларға толы болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан