4 сағат бұрын
Төрт гимнаст Болгарияда ел намысын қорғайды
Қазақстанның ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысады.
Жарыс 7–10 мамыр аралығында өтеді. Құрама сапына төрт спортшы енді:
— Зейнолла Идрисов (ат снаряды)
— Нұртан Идрисов (еркін жаттығу, тірек секіру, сақина және қоссырық)
— Роман Хегай (ат снаряды, қоссырық және керме)
— Асан Сәлімов (еркін жаттығу, тірек секіру, керме)
Қазақстандық гимнастар халықаралық додада ел намысын қорғайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан