2 сағат бұрын
Елордада «Бала Толағай» жарысы өтеді
Астанада Отан қорғаушылар күніне орай қалалық «Бала Толағай» спорттық жарыстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport12.kz
Ауқымды шара ерлік пен күш-жігерді дәріптеуге бағытталған. Жарыс бағдарламасына бірнеше спорт түрі енгізілген.
Жарыс бағдарламасы:
• найзаны қашықтыққа лақтыру (ұлдар);
• 8 кг қапты көтеріп қашықтыққа апару (1 минут);
• 10 келілік серкені иыққа салып отырып-тұру,
• ләңгіні уақытқа тебу (1 минут);
• арқан тарту (1 минут).
Сонымен қатар көрермендер, қолдаушылар, оқушылар және мұғалімдер арасында қосымша жарыстар да ұйымдастырылады. Олардың қатарында турникке тартылу, брусья, гір көтеру (8 кг, 10 кг, 16 кг), қол күрес, жатып штанга көтеру және штангамен отырып-тұру бар.
Іс-шараға келушілер спорт мерекесінің куәсі болып, қатысушыларға қолдау көрсете алады.
Жарыс 7 мамыр күні сағат 09:00-де Астана қаласындағы Орталық саябақта, амфитеатр мен «The St. Regis Astana» қонақүйінің арасындағы негізгі спорт алаңында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов