Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы әлем кубогын үздік төрттікте аяқтады

Қазақстан құрамасы әлем кубогын үздік төрттікте аяқтады

Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдеге жақын келді.

Құрама садақ атудан аралас командалар сайысында Виктория Лян мен Мұса Ділмұхамет финалдық кезеңге дейін жетті. Қола медаль үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшылар Эстония құрамасымен күш сынасты.

Тартысты бәсеке 154:153 есебімен эстон спортшыларының пайдасына аяқталды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты төртінші орынмен қорытындылады.

Алтын жүлде АҚШ құрамасына бұйырса, Түркия күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ құрама садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы да үздік ондыққа енді. Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова тоғызыншы нәтиже көрсетті.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан