6 сағат бұрын
Қазақстандық гимнасттар Болгариядағы турнирде финалға шықты
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі аяқталды.
Турнирде Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі финалдық кезеңде өнер көрсетті. Ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай бесінші орынға ие болса, Зейнолла Идрисов жарысты алтыншы нәтижемен аяқтады.
Сақинадағы жаттығу финалында Нұртан Идрисов бесінші орыннан көрінді.
Ал тіреп секіру бағдарламасында финалға жолдама алған Асан Сәлімов алтыншы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, кермедегі жаттығуда Роман Хегай сегізінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан