Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Жас ауыр атлеттер әлем чемпионатында топ жарды

Жас ауыр атлеттер әлем чемпионатында топ жарды

Египеттің Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жарыста барлығы бес медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті. Барлық жүлделер 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде иеленді.

Жұлқа көтеруде Әлихан Әскербай 161 келіні көтеріп, күміс медаль алды. Ал серпе көтеруде Ерасыл Саулебеков 199 келімен бірінші орынға ие болды. Әскербай бұл жаттығуда қола жүлдегер атанды.

Қос спортшы қос сайыс қорытындысында да үздіктер қатарынан көрінді: Саулебеков күміс (356 кг), Әскербай қола (355 кг) медаль иеленді.

Сонымен қатар 65 келі салмақта өнер көрсеткен Бейбарыс Ерсейт жұлқа көтеруде 131 келі нәтижесімен жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан