2 сағат бұрын
Алдағы күндерде қандай жарыстар өтеді?
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі мамыр айының алдағы күндерінде өткізілетін жарыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
11-17 мамыр күндері өтетін спорт жарыстарының кестесі
13-15 мамыр – теңге ілуден II Әлем чемпионаты
Жарысқа 10 елден 50-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Түркістан қ.
13-16 мамыр – ескек есу слаломынан Азия чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 3 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Сяси қ. (Қытай)
14-15 мамыр – қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі
Жарысқа еліміздің барлық өңірінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Қарағанды қ.
14-17 мамыр – ат спортынан кедергілерді еңсеруден Әлем кубогі кезеңі
Ел намысын 7 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Бішкек қ. (Қырғызстан)
14-20 мамыр – дзюдодан кадеттер арасындағы халықаралық турнир
Құрама сапынан 5 спортшы татамиге шығады.
Өтетін орны: Бельско-Бяла қ. (Польша)
15-17 мамыр – семсерлесуден (рапира, ерлер мен әйелдер) «Гран-при» турнирі
Турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Шанхай қ. (Қытай)
16-17 мамыр – жеңіл атлетикадан Central Asian U18 Open Championships турнирі
Ел құрамасынан 12 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Ташкент қ. (Өзбекстан)
16-21 мамыр – желкенді спорттан 1 ASAF Central Asian Sailing Championship 2026 жарысы
Қазақстан құрамасынан 4 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шолпан-Ата қ. (Қырғызстан).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан