3 сағат бұрын
Қазақстандықтар әлемдік додаларда бақ сынайды
11–17 мамыр аралығында Қазақстан спортшылары әлемнің түрлі елдерінде өтетін бірнеше ірі халықаралық жарыстарға қатысады.
13–15 мамыр күндері Түркістан қаласында теңге ілуден II әлем чемпионаты өтеді. Додаға 10 елден 50-ден астам спортшы қатысады.
13–16 мамыр аралығында Қытайдың Сяси қаласында ескек есу слаломынан Азия чемпионаты ұйымдастырылады. Бұл жарыста Қазақстан құрамасынан 3 спортшы өнер көрсетеді.
14–15 мамыр күндері Қарағанды қаласында қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен және үш ірі қаладан 300-ден астам балуан қатысады.
14–17 мамыр аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында ат спорты бойынша кедергілерді еңсеруден Әлем кубогі кезеңі өтеді. Қазақстан намысын 7 спортшы қорғайды.
14–20 мамыр аралығында Польшада дзюдодан кадеттер арасындағы халықаралық турнир жалауын көтереді. Құрама сапынан 5 спортшы татамиге шығады.
15–17 мамыр күндері Қытайдың Шанхай қаласында семсерлесуден (рапира) Гран-при турнирі өтеді. Қазақстаннан 3 спортшы қатысады.
16–17 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Central Asian U18 Open Championships жарысы өтеді. Ел намысын 12 спортшы қорғайды.
16–21 мамыр күндері Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында желкенді спорттан ASAF Central Asian Sailing Championship 2026 жарысы ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасынан 4 спортшы бақ сынайды.
Айта кетейік, алдағы халықаралық жарыстар еліміз спортшылары үшін маңызды сын болмақ.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан