2 сағат бұрын
Таеквондодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы
21-24 мамыр аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда таеквондодан (WT) ересектер арасындағы XXVII Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Бас бапкер Есбол Сұлтанов жетекшілік ететін жаттықтырушылар қосыны бекіткен тізімде 19 даянг шебері бар. Назарыңызға толық құрамды ұсынамыз.
Ерлер:
Еркебұлан Еңсегенов (-54 кг)
Жавохирхон Исламов (-58 кг)
Азим Ниязов (-63 кг)
Самирхон Абабакиров (-63 кг)
Сұлтанбек Орынбек (-68 кг)
Эльдар Бірімбай (-74 кг)
Мерген Ғаниев (-80 кг)
Батырхан Төлеуғали (-80 кг)
Мейір Нұрғазин (-87 кг)
Бейбарыс Қабылан (+87 кг)
Әйелдер:
Айдана Құмартаева (-46 кг)
Нодира Ахмедова (-49 кг)
Азиза Қаражанова (-53 кг)
Айдана Сүндетбай (-53 кг)
Тоғжан Қазынабек (-57 кг)
Камила Аймұқашева (-62 кг)
Аяулым Асқар (-67 кг)
Назым Махмутова (+73 кг)
Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг)
G4 санатына жататын сары құрлық чемпионатында Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынады.
Айта кетейік, спорттың бұл түрінен Азия чемпионаты 2 жылда бір болады. Осыған дейін 2024 жылы жарысты Вьетнамның Дананг қаласы қабылдаған. Ол кезде Қазақстан Мария Севостьянова (-57 кг) қол жеткізген күміс жүлденің арқасында жалпыкомандалық есепте 8-сатыға тұрақтаған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан