Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Ауыр атлетикадан 15 жастағы Снежана Кашкарова Қазақстан чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан 15 жастағы Снежана Кашкарова Қазақстан чемпионы атанды

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан екінші жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Түстен кейін әйелдер арасында 58 келіде жүлделер жиынтығы сарапқа салынып, 15 жастағы Снежана Кашкарова серпе мен қоссайыста рекордты жаңартып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

58 келі

1-орын. Снежана Кашкарова (Жетісу обл) - 203 келі (88+115)

2-орын.София Зоткина (Жетісу обл) - 177 келі (78+99)

3-орын.Нұрсезім Абатқызы (Ұлытау обл) - 174 келі (76+98)

Өткен жылы ғана Снежана Астанада өткен ел чемпионатында 48 келіде бақ сынап, қоссайыста 151 келімен топ жарған еді.

«Қазақстан чемпионатының рекордын бұзуға әуеліден дайындалған едім. Себебі, 2 жыл бойы осы мақсатқа ұмтылып келдім. Шынымды айтсам, жаттығуда бұдан төмен келіні көтерген едім. Бүгін өзім ойлағаннан жоғары салмақ бағынды. Алда жоспарым көп», - деді Снежана Кашкарова.

2025 жылғы Қазақстан чемпионатының көрсеткіші:

1-орын. Әсемай Шукурбаева (Алматы обл) - 172 келі (77+95)

2-орын. Нұрсезім Абатқызы (Ұлытау обл) - 169 келі (73+96)

3-орын. Елена Щуклина (Ақмола обл) - 162 келі (71+91)

Айта кетейік, 12-18 мамыр аралығында жалғасатын Қазақстан чемпионатына 16 өңірден 164 спортшы сынға түсіп жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан