Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Көркем гимнасшы Ақмарал Ерекешева Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Көркем гимнасшы Ақмарал Ерекешева Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Астанада үш күнге созылған көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 өңірінен келген 80-нен астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Чемпионат қорытындысы бойынша Астана қаласының гимнастары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше санатта жеңіс тұғырынан көрінді.

Жеке бағдарлама бойынша командалық есепте Астана құрамасы бірінші орынды иеленді. Команда сапында Ақмарал Ерекешева, Айбота Ертайқызы, Айым Мейржанова және Дария Кушербаева өнер көрсетті.

Жеке бағдарламадағы көпсайыс финалында Ақмарал Ерекешева чемпион атанса, Айым Мейржанова қола жүлдеге ие болды.

Ал топтық бағдарламадағы көпсайыс финалында №1 Ұлттық құрама командасы жеңіске жетті. Команда құрамында Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес және Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

Жеңімпаздарды Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің бапкерлері дайындады. Аға жаттықтырушы — Меруерт Балгинбаева, жаттықтырушы — Оксана Нечитайло. Сондай-ақ хореографтар Шыңғыс Оспанбаев, Саая Айдыс және Карина Аблакова спортшылардың дайындығына үлес қосты.

Айта кетейік, жарыс жеке және топтық жаттығулар бойынша өтті. Гимнастар шығыршық, доп, таспа және лентамен өнер көрсетсе, топтық бағдарламаларда бірнеше композициялық жаттығу ұсынылды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан