Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының үшінші күнінде кімдер топ жарды?

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының үшінші күнінде кімдер топ жарды?

Талдықорған қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасындағы жарыстың кезекті жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz

Тәжірибелі спортшы Арай Нұрлыбекова тағы да жоғары нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ал 63 келіге дейінгі салмақта тартыс соңғы сәтке дейін жалғасты.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шымкент қаласының өкілі Инсана Рашидова жеңіске жетті. Ол қос сайыс қорытындысы бойынша 197 келіні (87+110) еңсерді. Қарағанды облысынан келген Дарья Балабаюк 195 келі нәтижемен күміс жүлдеге ие болса, Ұлытау облысының спортшысы Нұрсыйла Берікбол 190 келімен үздік үштікті түйіндеді.

69 келіге дейінгі салмақта Алматы қаласының өкілі Арай Нұрлыбекова чемпион атанды. Ол жалпы есепте 205 келіні (90+115) көтерді. Жетісу облысынан Эвелина Штайнбрехер 197 келімен екінші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысының спортшысы Алтынай Тәңірбергенова 188 келімен қола жүлде иеленді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан