Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Қазақстан ҰОК гендерлік теңдікке қатысты семинар өткізді

Қазақстан ҰОК гендерлік теңдікке қатысты семинар өткізді

Фото: Қазақстан ҰОК

Шымкентте Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен «Спорттағы гендерлік теңдік және баршаға тең мүмкіндік» атты семинар өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Іс-шара Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК), Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Olympic Solidarity бағдарламасының және Қазақстанның спорттық ату федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Тақырыптық кездесу спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт ұйымдарының өкілдерін және сала мамандарын бір алаңға жинап, спорттағы тең мүмкіндік, кәсіби даму және заманауи инклюзивті орта қалыптастыру мәселелерін талқылауға арналды.

Семинар бағдарламасы спорт саласындағы мамандарды кәсіби дамыту мен қолдауға бағытталды. Қазақстан құрамасының оқ атудан бас жаттықтырушысы, екі дүркін әлем чемпионы Ольга Довгун спортшыдан ұлттық құрама тәлімгеріне дейінгі кәсіби жолы туралы баяндап, техникалық спорт түрлеріндегі гендерлік стереотиптерді еңсеру тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстанның спорттық ату федерациясының атқарушы директоры Анвар Юнусметов спорттық дайындық пен классификация жүйесіне заманауи халықаралық тәсілдерді енгізу тәжірибесі жайында айтты.

Токио Олимпиадасынан кейін федерация ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабымен бірлесіп, оқ ату спортындағы нормативтер мен талаптарды гендерлік теңдік қағидаттарына сай жетілдіру бағытында жұмыс жүргізген.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан