Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Ауыр атлетика: Александр Уваров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды 

Ауыр атлетика: Александр Уваров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Үндістанның Гандинагар қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер арасында -88 кг дейінгі салмақтағы отандасымыз Александр Уваров жұлқа көтеру сайысында 165 кг зілтемірді көтеріп, 3-орын алды. Бұл оған өз кезегінде осы сынның қола медалін иеленуге мүмкіндік берді.

Осыдан кейін Ұлттық құрама спортшысы серпе көтеру бағдарламасында 200 кг көрсеткішпен 4-сатыдан көрінді.

Ал жалпы есепте Александр 365 кг (165+200) нәтижемен 5-орын алды. Осы салмақта тағы бір отандасымыз Әлібек Рахымберді 9-сатыда.

Бұл Қазақстан командасының осы сары құрлық бәсекесіндегі бірінші жүлдесі. Жарыс 18 мамырда мәресіне жетеді. Алдағы күндері Мейрам Сұлтан (111 кг) ел намысын қорғайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан