5 сағат бұрын
Астанада жүлдесі қомақты Counter-Strike турнирі басталды
Елордадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Жүлде қоры 1,6 миллион АҚШ долларын құрайтын турнирді PGL Esports SRL ұйымдастырды. Жарысқа әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысуда, олардың арасында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic бар. Шақырылған қонақтардың арасында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ әлем чемпионы Габриель Толедо бар. Турнир Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
Сарапшылар әлемдік аудиторияның киберспортқа деген қызығушылығының артуы аясында Қазақстанда мұндай ірі жарыстарды өткізу Астананың шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыратынын атап өтті.
Елордаға Мәскеуден арнайы ұшып келген көрермендердің бірі Александр Белобух турнирдің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.
«Мен Астанаға алғаш рет келіп тұрмын. Қазір аң-таң күйде отырмын Әсіресе, жастардың киберспортқа деген зор қызығушылығы қуантады. Бұл көп жағдайда Қазақстанда қазір бразилиялық FURIA Esports клубында ойнайтын Даниил Голубенко сияқты мықты ойыншының болуымен байланысты болса керек. Шыны керек, ол жастардың нағыз кумирі және оған әбден лайықты. Голубенко сапалы ойын көрсетіп, Қазақстанның намысын әлемдік аренада лайықты қорғап жүр. Туризмді дамыту тұрғысынан бұл елдің өз брендін қалай дамытып, уақытпен бірге келе жатқанын көрсететін тамаша үлгі», – деп атап өтті Александр Белобух.
Турнирге қатысушылар да PGL Astana 2026 өткізу оқиғалық туризмді дамытуға ықпал ететінін және Астананың ірі киберспорттық іс-шараларды өткізуге арналған халықаралық алаң ретіндегі позициясын нығайтатынын атап өтті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов