Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

15 сағат бұрын

Әйелдер арасындағы рекордтар шеруі: ауыр атлетиканың кезекті күнінде кімдер топ жарды?

Әйелдер арасындағы рекордтар шеруі: ауыр атлетиканың кезекті күнінде кімдер топ жарды?

Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында ел чемпионатының бесінші күнінде әйелдер арасындағы бәсеке мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Өткен чемпионатта 77 келіде топ жарған Айғаным Жанболат 86 келіге көтеріліп, бірден 5 рекордты жаңартып тастады.

Ал аса ауыр салмақта сөзсіз көшбасшы болып келген Любовь Ковальчук бәсекелестікке тап болып, күміс жүлдені еншіледі. Ол серпе жаттығуында рекордты жаңартса, Руфина Чалкарова жұлқа көтеруде рекордқа түзету енгізіп, алтын медальді мойынына тақты.

86 келі

1-орын. Айғаным Жанболат (Алматы обл) - 256 келі (115+141)

2-орын. Сания Орманбаева (Алматы қ) - 221 келі (97+124)

2-орын. София Шешукова (Жетісу обл) - 220 келі (99+121)

+86 келі

1-орын. Руфина Чалкарова (Жетісу обл) - 275 келі (123+152)

2-орын. Любовь Ковальчук (Қарағанды обл) - 270 келі (116+154)

3-орын. Динара Кипшақбай (Қызылорда обл) - 187 келі (83+104)

2025 жылғы Қазақстан чемпионатындағы көрсеткіштер:

86 келі

1. Сания Орманбаева (Алматы қ) - 207 келі (89+118).

2. Айша Омарова (Қарағанды обл) - 206 келі (91+115).

3. Виктория Новикова (Ақмола обл) - 201 келі (86+115).

+86 келі

1. Любовь Ковальчук (Қарағанды обл) - 260 келі (110+150).

2. Айсамал Сансызбаева (Қызылорда обл) - 210 келі (93+117).

3. Динара Кипшақбай (Қызылорда обл) - 207 кг (89+118).

3. Аида Ибраим (Жетісу обл) - 207 келі (88+119).


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан