Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17 сағат бұрын

«Алтынсыз» қала жаздаған фаворит, Олимпиада жүлдегерінің қоштасуы: 94 келідегі бәсеке қалай өтті?

«Алтынсыз» қала жаздаған фаворит, Олимпиада жүлдегерінің қоштасуы: 94 келідегі бәсеке қалай өтті?

Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласындағы Қазақстан чемпионатының алтыншы күні 94 келідегі сайыспен басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Бұл салмақта жарақатына байланысты Нұрғиса Әділетұлы қатыса алмағандықтан, фаворит ретінде Сергей Петрович саналды. Әйтсе де ол жұлқа көтеру мен серпе көтеруде (үшінші мүмкіндігінде) тек бір мүмкіндігінде ғана салмақты бағындыра алды.

94 келіде 8 спортшы жүлдеге талас жүргізгенімен, оның тек төртеуі ғана қос сайысты орындады.

Бүгінгі күннің басты жаңалығы - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, 32 жастағы Денис Уланов спорттық мансабын ресми аяқтайтынын мәлімдеді.

Жүлдегерлер:

1-орын. Сергей Петрович (Ақмола обл) - 370 келі (170+200)

2-орын. Асылжан Бектай (Қызылорда обл) - 340 келі (160+180)

3-орын. Денис Уланов (ШҚО) - 287 келі (137+150)

Осы салмақта 2025 жылғы чемпионатта топ жарғандар:

1. Нұрғиса Әділетұлы (Шымкент) - 370 келі (170+200).

2. Сергей Петрович (Ақмола обл) - 364 келі (168+196).

3. Кирилл Староверкин (Қарағанды обл) - 354 келі (165+189)


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан