Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 сағат бұрын

Бухаресттегі турнирде Асаубаева ерекше құрметке ие болды

Бухаресттегі турнирде Асаубаева ерекше құрметке ие болды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Румынияның Бухарест қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық турнирде өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровтың ойыны алдында алғашқы құрмет жүрісін жасады.

17 мамыр күні өткен Superbet Chess Classic Romania жарысының төртінші турында Синдаров нидерландтық шахматшы Аниш Гиримен кездесті. Ойын басталар алдында алғашқы құрмет жүрісін Бибісара Асаубаева жасап, спортшыға сәттілік тіледі. Нәтижесінде тартысты өткен партия тең аяқталды.

Қазіргі уақытта турнирдің тоғыз кезеңінің бесеуі өтіп, Жавохир Синдаров бес ойыннан кейін екі ұпаймен сегізінші орында келеді. Бұған дейін ол үндістандық шахматшы Рамешбабу Прагнанандхадан жеңіліп, классикалық шахматтағы 53 ойынға созылған жеңіліссіз сериясын тоқтатқан болатын.

Бибісара Асаубаеваның Бухарестке баруы жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Шахмат әлемінде екі спортшының жақын қарым-қатынасы қызу талқылануда. Бұған дейін Бибісара Синдаровты «менің жеңімпазым» деп атаған еді. Ал олардың отбасылары жақын араласатынын айтып, болашақта шаңырақ көтеруі мүмкін екенін де жоққа шығармаған.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан