4 сағат бұрын
Қазақстан мектептеріне жаңа спорт түрі енгізілді
Қазақстан бадминтон федерациясы еліміздегі мектеп спорты мен олимпиадалық қозғалысты дамыту бағытында маңызды қадам жасап, «Білім-Инновация» лицейлері желісімен және Қазақстанның жетекші жекеменшік мектептерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған келісім аясында бадминтон енді мектептердің дене шынықтыру бағдарламасына енгізіледі. Жоба арқылы еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған оқушы олимпиадалық спорт түрімен тұрақты түрде айналысу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінде жобаның бастапқы кезінде 8 мыңға жуық оқушыны қамтуды көздейді.
Жобаның басты мақсаты — балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт мәдениетін қалыптастыру және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жағдай жасау.
Игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан бадминтон федерациясы мектептерге арнайы спорт жабдықтары — ракетка, волан мен торлар табыстады. Сонымен қатар федерация тарапынан дене шынықтыру пәні мұғалімдерін оқыту және әдістемелік қолдау көрсетеді.
Федерация өкілдерінің айтуынша, мектептерде бадминтонды дамыту — ел спортының болашағына жасалған маңызды инвестиция.
Бадминтон — жылдамдықты, реакцияны, төзімділікті, үйлесімділікті және стратегиялық ойлауды дамытатын олимпиадалық спорт түрі. Қолжетімді әрі әмбебап спорт ретінде ол мектеп оқушылары үшін өте тиімді және балаларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға ынталандырады.
Жобаға келесі білім беру ұйымдары кірді:
Алматы, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар қалаларындағы «Білім-инновация» қыздар лицейлері, Петропавлдағы «Білім-инновация» лицейі, Щучинскідегі IT «Білім-инновация» лицейі, Алматы қаласындағы Смағұлов атындағы «Білім-инновация» қыздар лицейі бар.
• NURORDA — Астана
• NURORDA — Алматы
• NURORDA — Өскемен
• AIS
• GALAXY IS
• SPECTRUM IS
• Сейтжан School
• Кемел — Ақтөбе
Қазақстан бадминтон федерациясы алдағы уақытта да еліміздің барлық өңірінде мектеп бадминтонын дамыту жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов