Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

23 сағат бұрын

Азия чемпионаты Қазақстан үшін сәтті басталды

Азия чемпионаты Қазақстан үшін сәтті басталды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан ересектер арасындағы Азия чемпионатының үшінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Самирхон Абабакиров алғашқы жекпе-жегінде Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Әбделәзиз Альмхеириді сенімді түрде жеңді. Универсиада чемпионы енді ширек финалда Индонезия спортшысымен кездеседі.

Ал 53 келіге дейінгі салмақтағы Айдана Сүндетбай өзбекстандық Лайло Зайниддинованы екі раунд қорытындысы бойынша жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Өкінішке қарай, осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Акрамат Долгиев 1/16 финалда өзбек спортшысы Назарәлі Назаровтен 1:2 есебімен жеңілді.

Сондай-ақ Мейір Нұрғазин (87 келіге дейін), Азиза Қаражанова (53 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) жарысты ерте аяқтады. Олар тиісінше Малайзия, Оңтүстік Корея және Иордания спортшыларына есе жіберді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан