Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

20 сағат бұрын

Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Жазғы Универсиада чемпионы Самирхон Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда әлем және Азия чемпионатының жүлдегері, Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Мехди Хаджи Мусаимен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек 0:2 есебімен ирандық спортшының пайдасына аяқталды.

Осылайша Самирхон жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, ол бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктері мен Индонезия спортшыларын сенімді түрде жеңіп, жарқын өнер көрсеткен болатын.

Сондай-ақ бұл күні Айдана Сүндетбай (53 кг) ширек финалда Сауд Арабиясы өкіліне есе жіберді. Ал Акрамат Долгиев, Мейір Нұрғазин, Азиза Қаражанова және Аяулым Асқар жарысты ерте аяқтады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан