17 сағат бұрын
Ақмарал Ерекешева Азия чемпионатын сәтті бастады
Қырғызстан астанасы Бішкекте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталып, қазақстандық спортшы Ақмарал Ерекешева жарысты сәтті бастады.
Бүгін өткен іріктеу кезеңінде жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы шығыршықпен жаттығуда 27.15 ұпай, ал доппен сайыста 25.75 ұпай жинады.
Айта кетейік, құрлық біріншілігінің жекелей сынында 17 елден 30-дан астам спортшы бақ сынауда.
Сондай-ақ бұл жарыс күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі саналады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан