3 сағат бұрын
Гимнаст Эмиль Ахмеджанов Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан ҰОК
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эмиль Ахмеджанов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық гимнаст еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.
Финалда Ахмеджанов 13,650 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.
Күміс медальді өзбекстандық Хумоюн Исломов (13,600) иеленсе, қола жүлде моңғолиялық Энхтүвшин Дамдиндоржға (13,500) бұйырды.
Алтынхан Темірбек жарысты сегізінші орынмен аяқтады (12,500).
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан