Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды

Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды

Сурет: Getty Images

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Эвелина Ежова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды6 деп хабарлайды Sport12.kz.

Отандасымыз гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Эвелина Ежова 12,850 ұпай жинады.

Екінші орынды хорватиялық Тина Зельчич (12,650) иеленсе, өзбекстандық Дилдора Арипова (12,450) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, 24 мамыр күні Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуда күміс медаль еншіледі. Ал Алтынхан Темірбек қол тіреп секіру бағдарламасында үшінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда топ жарса, Дияс Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленген еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан