Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Айбота Ертайқызы - көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Айбота Ертайқызы - көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы жекелей сындағы көпсайыс бәсекесінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз көпсайыста жалпы 113.65 ұпай жинады. Атап айтсақ, шығыршықпен жаттығуда 28.50, доппен 27.45, ұршықпен сайыста 28.70, таспамен жарыста 29 ұпай нәтижені көрсетті. Осы бағдарламада өзбекстандық Тахмина Икромова (115.10) жеңімпаз атанса, ал өзбекстандық Наталья Усова (112.40) қола медальға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Айбота былтырғы Сингапурда өткен сары құрлық додасында таспа сайысында чемпион, ал көпсайыста қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ бұл дода күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Еске салсақ, былтыр Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионы атанған еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан