Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионатының көпсайыс бойынша финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульскаядан құралған Қазақстан құрамасы топтық жаттығулардағы көпсайыста 26.90 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. Бұл сында 28.40 ұпаймен қытайлықтар топ жарса, күміс жүлде 27.15 ұпай жинаған өзбекстандықтарға бұйырды.

Айта кетейік, топтық жаттығуларда 10 елдің құрамасы бақ сынауда. Аталған жарыс күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан