Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Азия чемпионатындағы жоспарды толықтай орындадық - Меруерт Балғынбаева

Азия чемпионатындағы жоспарды толықтай орындадық - Меруерт Балғынбаева

Меруерт Балғынбаеваның жеке парақшасынан

Қырғызстан астанасы Бішкекте көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық додасында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жекелей және топтық жаттығуларда бірнеше жүлдеге қол жеткізді.

Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаева Азия чемпионатының деңгейі, жас гимнастардың өнері және алдағы Азия ойындарына дайындық туралы айтып берді.

– Меруерт ханым, Азия чемпионатындағы құрама нәтижесін қорытындылап өтсеңіз.

– Жалпы жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Қырғызстан алғаш рет көркем гимнастикадан Азия чемпионатын қабылдап отыр. Ұйымдастыру жағы өте жақсы болды. Өзіміздің құрама командаға да көңіліміз толады. Қыздарымыз бағдарламаларын таза орындап шықты, құралдарын түсірген жоқ. Қазіргі таңда әр спортшы өз деңгейіндегі өнерін көрсетті деп ойлаймын.

Биылғы маусымдағы ең басты жарыс – Азия ойындары. Біз қазір негізгі дайындықты сол додаға бағыттап отырмыз. Ал бұл Азия чемпионатында бағдарламаларымызды тексеріп көрдік. Қай элемент есептелді, қайсысы есептелмеді – қазір соның бәріне талдау жасаймыз. Кейбір элементтерді өзгертіп, бағдарламаларды күрделендіреміз.

– Құрама бұл турнирге қалай дайындалып еді?

– Қыздарымыз Астанада дайындалды. Арнайы оқу-жаттығу жиындары болған жоқ. Барлық дайындық өз базамызда өтті.

– Ақмарал Ерекешева өткен жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын алған еді. Биылғы нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

– Әрине. Бірақ бір нәрсені ескеру керек: былтыр Ақмарал жасөспірімдер арасында өнер көрсетті, ал биыл ересектер санатына өтті. Ересектер арасындағы бәсеке мүлде басқа деңгейде. Мұнда Олимпиадаға қатысқан, тәжірибесі мол спортшылар бар. Ақмарал небәрі 16 жаста, ал қарсыластарының көбі 22 жастағы тәжірибелі гимнастар.

Сондықтан біз оған қазір аса үлкен қысым түсірмейміз. Ол жаңа ортаға психологиялық тұрғыда біртіндеп бейімделуі керек. Басты мақсат – еркін шығып, өз өнерін көрсету. Соған қарамастан ол бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алды. Бұл – өте жақсы нәтиже.

– Әзірге құраманың басты көшбасшысы Айбота Ертайқызы ғой?

– Иә, Айбота – тәжірибелі спортшымыз. Оның жасы 22-де. Қазір Ақмарал секілді жас гимнастар сол спортшылардың жанында өсіп келеді. Біз жас спортшыларды асықтырмай, кезең-кезеңімен дайындауға тырысамыз. Ақмаралдың ең үлкен жарыстары әлі алда.

– Азия ойындарына іріктеу қалай өтеді?

– Іріктеу аяқталды. Қазіргі құрам анықталды. Жекелей бағдарламада Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева қатысады. Ал топтық жаттығуларда Астана құрамасы ұлттық команда сапында өнер көрсетеді.

– Ал оған дейін қандай жарыстарға қатысасыздар?

– Алда Миланда өтетін Әлем кубогы бар. Сол жерде де бағдарламаларымызды тексереміз. Одан кейін тамыз айында әлем чемпионаты өтеді. Содан соң барып Азия ойындарына қатысамыз.

– Дайындық қалай жалғасады?

– Қазір қыздарға бір апта демалыс береміз. Содан кейін қайтадан Астанадағы базамызда дайындықты бастаймыз. Әзірге жоспар бойынша оқу-жаттығу жиыны болмайды.

– Бағдарламаларға өзгеріс енгізіле ме?

– Әрине, аздаған өзгерістер болады. Бірақ толықтай басқа бағдарлама немесе жаңа әуен аламыз деп айта алмаймын. Негізгі бағдарламалар бекітілген. Дегенмен кей элементтерді күрделендіріп, мазмұнын күшейтеміз.

– Былтыр Ақмарал Ерекешева Астана қаласының үздік спортшысы атанды. Осындай жетістіктер мен танымалдылық жас спортшыға психологиялық тұрғыда әсер етпей ме?

– Әрине, мұндай дүниелердің әсері бар. Бірақ біз бапкер ретінде оған аса қатты мән бермеуді үйретуге тырысамыз. Спортта бүгін сен чемпион болуың мүмкін, бірақ ертең бәрі қайтадан нөлден басталады. Сондықтан «мен чемпионмын» деп босаңсуға уақыт жоқ. Әр жарыс – жаңа сынақ. Қарсыластарың да қарап отырмайды, бәрі бағдарламаларын күрделендіріп, күшейтіп жатыр. Сол себепті біз де жұмысты тоқтатпаймыз.

– Былтыр бағдарламадағы қазақы әуенге қатысты біраз дау болған еді. Қазір музыканы таңдауда неге басымдық бердіңіздер?

– Шынын айтсам, көркем гимнастикада мұндай жағдай алғаш рет болды. Негізі қазақтың әуендерін қолдану оңай емес. Кейбір халықаралық төрешілер біздің әуеннің ырғағын немесе ерекшелігін толық түсінбеуі мүмкін. Сол себепті көбіне басқа елдердің музыкаларын таңдап жатады.

Бірақ өзім қазақы әуендерді өте жақсы көремін. Әсіресе ішінде рух беретін, мағынасы терең сөздері болса тіпті ерекше әсер етеді. Сондықтан бағдарламалардың біріне «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген сөздер қолданылған композицияны алған едім. Ол балалардың рухын көтерсін, жігер берсін дедік.

– Бірақ сол кезде авторлық құқыққа байланысты түсініспеушілік туындады ғой?

– Иә, сондай жағдай болды. Шынымды айтсам, қатты ренжідім. Себебі мен ешкімнің туындысын иемденіп немесе «өзім жаздым» деп жатқан жоқпын. Біз ол әуенді тек спорттық бағдарламада қолдандық. Мектептерде де, түрлі жарыстарда да музыкалар пайдаланылады ғой.

Дегенмен кейін түсіністікпен қарап, композицияны ауыстырдық. Қазір басқа бағдарлама қолданылып жүр. Бірақ Ақмаралдың шығыршықпен орындайтын жаттығуында «Рух» әуені бар. Ол композицияға еліміздің федерациясы ресми түрде рұқсат алып, бәрін заңды түрде бекітіп берді.

Осы орайда федерация басшылығына алғыс айтқым келеді. Өйткені бапкерлердің жұмысы өте көп. Біз күніне сегіз-тоғыз сағат залда жүреміз. Осындай кезде композиторлармен жеке сөйлесіп, рұқсат мәселесін шешуге уақыт жете бермейді.

Сол даудан кейін федерация ұлттық құрамадағы барлық бағдарламаның әуендерін ресми түрде бекітіп отыратын жүйе енгізді. Бұл бізге үлкен көмек болды.

– Топтық жаттығулардағы нәтиже жайлы да ойыңызды білсек.

– Қыздар өте жақсы нәтиже көрсетті. Азия чемпионатында топтық жаттығуда шәкірттеріміз екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Бұл – ұлттық құрама үшін өте жақсы көрсеткіш. Қазір командалық есепте де тұрақты нәтижелер көрсетіп келеміз.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан