1 сағат бұрын
Мемлекеттік рәміздер күніне орай республикалық бәйге турнирі өтеді
Сарыарқаның сайын даласын дүбірге бөлеп, еңселі елорданың төрінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған таңдаулы тұлпарлар мен сайдың тасындай іріктелген шабандоздар «Қазанат» атшабарында бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл - бабалардан мирас болған бәйге өнерінің бүгінгі ұрпаққа жалғасқан жарқын көрінісі, ұлттық рухтың жаңғырығы. Жарыс барысында сәйгүліктер бірнеше қашықтықта сынға түседі:
- 9 шақырымдық «құнан» бәйге
- 1 орын – 3 000 000 теңге
- 2 орын – 1 500 000 теңге
- 3 орын – 700 000 теңге
- 16 шақырымдық «топ» бәйге
- 1 орын – «Changan» автокөлігі
- 2 орын – 3 000 000 теңге
- 3 орын – 1 000 000 теңге
- 25 шақырымдық «аламан» бәйге
- 1 орын – 1 бөлмелі пәтер
- 2 орын – «Changan» автокөлігі
- 3 орын – 2 000 000 теңге
- 4 орын – 700 000 теңге
- 5 орын – 300 000 теңге
7 маусым күні сағат 11:00-де ұлттық рухты асқақтататын дүбірлі бәйгенің салтанатты ашылуы өтеді.
Жүйрік тұлпарлар мен шабандоздарды тіркеу 6 маусым күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.Аламан бәйгеге қатысу жарнасы - 70 мың теңге, топ бәйгеге - 50 мың теңге, ал құнан бәйгеге - 30 мың теңге болып белгіленді. Жиналған қаражаттың барлығы игі мұратқа, қайырымдылық жолына жұмсалады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов