Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Астанадағы ат спортының алғашқы күнінде кімдер жеңіске жетті?

Астанадағы ат спортының алғашқы күнінде кімдер жеңіске жетті?

Астана халықаралық ат спортының маңызды алаңына айналды. FEI аясында өткен жарыстар бір күннің ішінде конкурдың қарқынын, Challenge финалының тартысын және атпен мәнерлеп жүрудің әсем болмысын қатар көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Аренада спортшылар үшін әр секунд, әр кедергі, әрқозғалыс шешуші мәнге ие болды.

CSI-W FEI Jumping World Cup бағдарламасындағы №1 жарыс 125 см биіктіктегі бағыт бойынша өтті. Бұл сында спортшылар жылдамдық пен техниканы қатар ұштастырып, бағытты сенімді еңсеруге тырысты.

1-орын – Хуршидбек Әлімжаноа (CHAMPIONS LEAGUE)

2-орын – Бекжан Байжанұлы (KING DIAMOND)

3-орын – Ринат Галимов (D’ARTAGNAN Z)

4-орын – Ринат Галимов (KIRA VAN DE LAREN Z)

5-орын – Раиса Соколенко (CLUE GOLD)

FEI Jumping World Challenge Final 2026 аясындағы алғашқы іріктеу жарысы 115 см биіктікте өтті. Бұл бағытта спортшылардан тек жылдамдық емес, тұрақтылық, дәл есеп және әр кедергіні таза бағындыру талап етілді.

1-орын – Бекзод Розмухамедов (FLORIZELL)

2-орын – Бернардо Краус Герра (OLZA)

3-орын – Эйми Коллинсон (HI DIARADO)

Күннің ең күрделі сынақтарының бірі – CSI-W FEI Jumping World Cup аясындағы №2 жарыс, BANK CENTER CREDIT EQUESTRIAN CUP Гран-приіне іріктеу бағыты болды. 140 см биіктіктегі маршрут спортшылардан барынша жинақылық, қарқынды дәл бақылау және атпентолық түсіністік талап етті.

1-орын – Олег Соколенко (CINDERELLA)

2-орын – Сергей Петров (NERO VAN’T PRINSENVELD)

3-орын – Олеся Лукина (CONTE RICO)

Challenge Final бағдарламасының екіншііріктеу жарысы 120 см биіктікте өтіп, бірінші орынүшін қайта секірумен ерекшеленді. Тартысты бәсекеде:

1-орын – Бекзод Розмухамедов (FLORIZELL)

2-орын – Нал Зеруал (SHAH)

3-орын – Бернардо Краус Герра (OLZA)

4-орын – Азам Толиббаев (ADMIRAL)

5-орын – Ануар Досмаилов (RAMBO)

Конкур жарыстарымен қатар, CDI 1* FEI Dressage бағдарламасындағы St. George сыны да көрерменге ерекше әсер қалдырды. Бұл жерде жылдамдықтан гөрі ырғақ, дәлдік, жұмсақ басқару және ат пен спортшы арасындағы үнсіз үйлесім бағаланды.

1-орын – Алина Шевцова (NOCITO DE MUZE)

2-орын – Екатерина Каркавцева (SANGRIA)

3-орын – Дарья Попова (GRAVER)

Бұл жарыстар Астанадағы халықаралық турнирдің спорттық мазмұнын айқын көрсетті. Біраренада жылдамдық та, тәуекел де, сабыр да, әсемдік те тоғысты. Ең бастысы, бұл күн қазақстандық ат спортының халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдай алатын әлеуетін тағы бір мәрте танытты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан