Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

23 сағат бұрын

Нартай Аралбайұлы Михаил Шайдоров пен Спорт министрлігі арасындағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Нартай Аралбайұлы Михаил Шайдоров пен Спорт министрлігі арасындағы мәселеге қатысты пікір білдірді

Біздің редакция Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлына хабарласып Михаил Шайдоровтың мәлімдемелеріне қатысты пікір сұрады:

«Иә, бұл мәселені көрдім. Біріншіден Михаил Шайдоров – қысқы спорт түрлерінен Қазақстанға көп жылдан кейін алтын медаль сыйлаған спортшы.
Екіншіден, әр спортшының биік белестерді бағындыруы жолында үлкен команданың, мемлекеттік қолдауы бар екенін ұмытпау керек.
Негізі мұндай мәселе екі тараптың өзара бір үстелде отырып шешетін дүниесі еді. Бірақ жағдайдың қазіргідей деңгейге жеткені өкінішті.
Қазір бұл ахуалды елімізде ғана емес, көршілес елдердегі спорт қауымдастықтары да назарға алып отырғанын, бақылап отырғанын түсінуіміз керек. Сол себепті түйткілді желі арқылы емес, кездесіп шешіп бұл мәселеге мүмкіндігінше тез арада нүкте қойылуы керек деп ойлаймын».

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан