Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

20 сағат бұрын

Михаил Шайдоров пен Министрлік арасындағы түсінбеушілік: кімдікі дұрыс?

Михаил Шайдоров пен Министрлік арасындағы түсінбеушілік: кімдікі дұрыс?

Кейінгі күндері БАҚ беттерінде қызу талқыға түсіп жатқан мәселенің бірі - Михаил Шайдоровтың жаңа келісім-шарты. Осы орайда Sport12.kz тілшісі де өз тарапынан оқиғаға баға беруді жөн көрді.

Олимпиада жүлдесіне жұмсалған ақша

Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоровтың дайындығы үшін мемлекет тарапынан 263 394 581 теңгені құраған болатын. Бұл келісім-шартта 2025 жылы спортшыны және оның мамандар командасын (жеке жаттықтырушы, кеңесші-жаттықтырушы, бас жаттықтырушы, массажист, психолог, хореографтар) даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде 19 оқу-жаттығу жиынын өткізуге (оның 8-і Қазақстанда, 11-і шетелде) 47 млн теңге, ал 5 халықаралық жарысқа қатысуға 16 млн теңге бөлінді.

Бұл тек мәнерлеп сырғанау үшін ғана бөлінген ақша. Естеріңізде болса, 2025 жылы мәнерлеп сырғанаудан бөлек, шорт-трек, конькимен жүгіру, фристайл-могул, фристайл-акробатика спорттарына да ерекше көңіл бөлініп, әр спорт түрлеріне шетелдік мамандар тартылды. Ол спорт түрлерінің өкілдері де Олимпиада жүлдесіне үміткер ретінде саналып, мемлекет тарапынан (әлі айтылмаған) қыруар көмек көрсетілді. Бірақ келісім-шартта қол қойса да, өзге спорт түрлері өздеріне жүктелген міндетті орындай алмады…

Михаил Шайдоров не үшін ақша алмады?

БАҚ беттерінде мәлім болғандай, спортшының келісім-шарты 2026 жылдың 22 ақпанына (Милан Олимпиадасының аяқталған күні) дейін жарамды болған. Ол Олимпиада чемпионы атанған соң, ресми түрде Чехиядағы әлем чемпионатына барудан бас тартып, тынығуды жөн көрген еді. Логикаға сүйенсек, Министрлік тарапы ресми жарысқа қатыспауға шешім қабылдаған Михаил Шайдоров және оның командасымен қалай ақпан айының соңында келісім-шартын ұзартады?

Қысқы спорт түрлері үшін көп жағдайда наурыз айының соңында (шайбалы хоккейді есептемегенде) мәресіне жетеді. Ал сәуір айында спортшылар қысқа үзіліске кетіп, мамыр, маусым айларында жаңа келісім-шарт аясында жаңа маусымға дайындықтарын бастайды.

Михаил Шайдоров не үшін келісімге қол қоймай жатыр?

Спортшының өзі жаңа келісім-шартта 2030 жылғы қысқы Олимпиадада жүлде алуға міндеттелген деген пункт бар деп айтты. Бұл ұзын-сонар келісім-шарттың бір бөлігі ғана. Оның үстіне Михаил Шайдоров бұрынғы келісім-шарттан қарағанда әлдеқайда көп ақша алады деген сыбыс бар. Осындай қаржы тек Олимпиада ғана емес, 2027 жылғы әлем чемпионатында да жүлде алуға міндеттеуі мүмкін.

Жоғары жалақының қандай кесірі болуы мүмкін?

Мәнерлеп сырғанау спортында Милан Олимпиадасының дайындығы ретінде Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаға бас көңіл бөлінгені түсінікті. Бірақ мемлекет тарапы жылдар бойы көп ақшаны бөле бермейтіндігі анық. Себебі, мәнерлеп сырғанауда бір ғана спортшының дайындығы арттан келе жатқан резервтің жарысқа бару мүмкіндігіне де тосқауыл болады. Салыстырмалы түрде бокс, күрес сынды спорттар мен элиталық қысқы спорт түріне баратын отандастарымыздың айырмашылығы едәуір үлкен. Бірақ қаражат жағынан мемлекетке тұрақты түрде көп қаражат құю белгілі бір деңгейде жоғары міндеттеме алуды талап ететіндігі анық.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан