Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

«Тарлан» мұз айдынында ерекше балаларға арналған «Мұздағы көңілді старттар» өтті

«Тарлан» мұз айдынында ерекше балаларға арналған «Мұздағы көңілді старттар» өтті

30 мамыр күні «Тарлан» мұз айдынында ерекше балаларға арналған жыл сайынғы «Мұздағы көңілді старттар» спорттық-ойын-сауық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Мереке балаларды, ата-аналар мен жаттықтырушыларды біріктіріп, жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылды. Қатысушылар командалық рух пен спорттық жігерлерін көрсетіп, мұз үстіндегі жарыстардан жарқын әсер алды.

«Барыс» хоккей клубының ойыншылары іс- шараға қатысып, қатысушыларды қолдап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар, естелік тартулар мен алғыс грамоталары табысталды.

Айта кетейік, 2024 жылы «Тарлан» мұз айдыны базасында алғаш рет балаларға арналған пара-хоккей командасы құрылды. Бүгінде жас спортшылар белсенді түрде жаттығып, дамып, жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Қазіргі таңда «Тарлан» мұз айдынында денсаулық ерекшеліктері бар 950-ге жуық бала спортпен айналысады. Олар үшін жаттығуға және спорттық өмірге белсенді қатысуға барлық қолайлы жағдай жасалған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан