2 сағат бұрын
Зейнолла Ыдырысов Копер қаласындағы Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды
Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы жарыстың финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін тұтқалы ат снарядында Ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдырысов 2-орын алды. Ол финалда 14.133 балл жинады. Осы жаттығуда тағы бір отандасымыз, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов бақ сынап, 7-сатыдан көрінді. Оның еншісінде 13.233 ұпай бар.
Тұтқалы ат снарядының жүлдегерлері:
1. Матео Зугец (Хорватия, 14.166 балл)
2. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан)
3. Джошуа Натан (Ұлыбритания, 14.100 балл)
Ертең финалдардың 2-күні өтеді. Онда ел намысын Роман Маменов қорғайды. Ол тіреніп секіру жаттығуында жүлдеге таласады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов