Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатына дайындығын бастады

Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатына дайындығын бастады

Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионатына дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазіргі таңда команда Қытайдың Бейжің қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі саналатын Қытай командасымен бірге жаттығуда. Бас бапкер Александр Кимнің айтуынша, бұл жиын қазақстандық гимнастардың мықты спортшылармен бірге жаттығып, тәжірибе жинауына әрі шеберлігін шыңдауына сеп болады.

"Бұл жиынның басты ерекшелігі - оның әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі саналатын Қытай командасымен бірге өтуінде. Олардың сапында Олимпиада чемпиондары, әлем чемпионатының жеңімпаздары және көптеген көшбасшы спортшылар бар. Солардың қатарында қоссырықтағы жаттығудан екі дүркін Олимпиада чемпионы Цзоу Цзинюань да дайындалып жатыр.

Біз үшін әлемнің үздік гимнастарының жанында жаттығып, тәжірибе жинақтауға, жаңа әдістерді үйренуге әрі өз деңгейімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік туып отыр. Мұндай бірлескен жаттығулар спортшыларымыздың дамуы үшін өте маңызды.

Айта кету керек, қытайлық гимнастар басқа елдердің ұлттық құрамаларымен өте сирек бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Оның үстіне, жаттығу залына кіру мүмкіндігі көбіне тек Қытай құрамасының өкілдеріне ғана беріледі. Сондықтан осындай жиынды ұйымдастыруға мүмкіндік жасап, сәтті келіссөз жүргізген федерацияға алғысымызды білдіреміз.

Мұнда дайындыққа барлық жағдай жасалған. Бізбен бірге жаттығып жатқан спортшылардың деңгейі де ерекше мотивация беріп, ілгері жылжуға көмектеседі. Бұл тәжірибе Азия чемпионатына дайындықтағы маңызды кезеңдердің бірі болады деп сенемін", - деді Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Александр Ким.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында Қытайдың Цзуньи қаласында өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Cадақшы Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан