Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстанда 30 мыңға жуық бала ірі бұқаралық жарыстарға қатысады

Қазақстанда 30 мыңға жуық бала ірі бұқаралық жарыстарға қатысады

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді тұрақты түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тартуға ерекше назар аударылып келеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында биылғы жазғы кезеңге арналған бұқаралық спорттық іс-шаралардың республикалық тізбесі бекітілді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 30 мыңға жуық бала мен жасөспірім қатысады деп жоспарлануда.

Жазғы маусымдағы ең ірі балалар жарыстарының қатарында ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары, кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық CHEMPIONDAR LIGALARY жарысы мен ұлдар мен қыздар арасында 5-6 және 7-8сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» республикалық турнирі, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балдаурен» футбол жарысы (1–4 сыныптар) өтпек. Ал күзгі маусымның басталысымен осы бастамалардың жалғасы ретінде 2013–2014 жылы туған оқушылар арасында шағын футболдан «Алтын күз» балалар футбол лигасы өтеді.

Аталған жарыстар балалардың дене белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, командалық рухты қалыптастыруына және спорттық шеберлігін шыңдауына мүмкіндік береді. Соңғы жылдары елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтар саны тұрақты өсіп келеді. Мәселен, 2023–2025 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 40,4 пайыздан (8,0 млн адам) 44,5 пайызға дейін (8,5 млн адам) ұлғайды.

Соның ішінде 4 пен 17 жас аралығындағы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысатын балалар мен жасөспірімдердің саны 1,8 миллион адамға жетіп, аталған жас санатындағы балалардың жалпы санының 34,6 пайызын құрады.

Балалар спортын дамытуға бағытталған мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге ықпал етеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан