Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстандық пилот Еуропа чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық пилот Еуропа чемпионатында жүлдегер атанды

Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Қазақстандық автоспорт халықаралық аренадағы позициясын нығайтып келеді., деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық спортшы Александр Абхазава Formula Regional European Championship сериясыныңүшінші кезеңінде күміс жүлдеге ие болып, еліміздің автоспорт тарихындағы маңызды жетістіктердің біріне қол жеткізді.

Жарыс 29-31 мамыр аралығында Бельгиядағы әлемге әйгілі Spa-Francorchamps автодромында өтті. Екінші жарыста Александр Абхазава мәре сызығын екінші болып кесіп, FormulaRegional European Championship сериясындағы алғашқы подиумын еншіледі. Бесінші орыннан жарысты бастаған қазақстандық спортшы төртінші айналымда қарсыластары – поляк Ян Пшировски мен француз Александр Муньостың арасындағы тартысты сәтті пайдаланып, бірден екі позицияға көтерілді. Кейін жарыс барысында жоғары қарқын көрсеткен Александр екінші орнын сақтап қалып, күміс медаль иегері атанды.

Бұл нәтиже Қазақстанда автоспортты дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нақты жемісі саналады. Соңғы жылдары халықаралық деңгейдегі жарыстарғақатысатын қазақстандық спортшылар саны артып, еліміздің автоспорт мектебі жаңа деңгейге көтерілуде.

Александр Абхазава 2023 жылдан бері формула санатындағы жарыстарда өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде оның еншісінде 3 жеңіс пен 10 жүлделі тұғыр бар. Сонымен қатар, FormulaRegional Middle East Trophy 2026 маусымының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы жалпы есепте үшінші орынға ие болды.

Спортшы өзінің тұрақты жаттығулары мен кәсіби дайындық жұмыстарын қазақстандық Artline RacingQazaqstan командасының базасында өткізеді. Бұл отандық мамандар мен инфрақұрылымның халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлаудағы әлеуетін көрсетеді.

Formula Regional European Championship сериясының келесі, төртінші кезеңі 19-21 маусымаралығында Италиядағы әйгілі Autodromo Nazionale Monza трассасында өтеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан