Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Қазақстан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

Қазақстан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

Гонконгта өткен жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті медаль еншіледі.

Құрлықтық додада қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп

Максим Сажнев диск лақтыру сайысында 60,45 метр нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар ол U-20 жас санатындағы Қазақстан рекордын жаңартты.

Күміс жүлдені сырықпен секіруден Анна Черкашина мен әйелдер құрамасының 4×400 метрлік эстафета командасы иеленді.

Ал Мария Щипачева (үш қарғып секіру), Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) және Асқар Өмірзақ (онсайыс) қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын жеті медальмен аяқтады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан