Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте позициясын жақсартты

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте позициясын жақсартты

Фоио:Chess.com

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі — Бибісара Асаубаева ФИДЕ-нің лайв рейтингіндегі орнын жақсартты.

Қазіргі уақытта Норвегияда өтіп жатқан Norway Chess Women 2026 турнирінде сәтті өнер көрсеткен отандасымыз рейтингіне 10,7 ұпай қосты. Соның нәтижесінде ол үш сатыға жоғарылап, әлемдік рейтингтің үздік төрттігіне енді.

Қазір Бибісараның лайв рейтингі 2537,7 ұпайды құрайды.

Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте көш басында қытайлық Хоу Ифань тұр. Оның еншісінде 2596 ұпай бар.

Екінші орында тағы бір Қытай елінің өкілі — Лэй Тинцзе (2566 ұпай). Ал үшінші сатыда қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь орналасқан, оның рейтингі — 2560,6 ұпай.

Осылайша, Бибісара Асаубаева әлемнің үшінші нөмірлі шахматшысынан шамамен 23 рейтингтік ұпайға қалып келеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан