1 сағат бұрын
Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңіне кімдер қатысады?
Фото: Қазақстан ҰОК
Ароза қаласында (Швейцария) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Аталған байрақты бәсекеде ел намысын Никита Тумаков, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина, Евгения Чернышова қорғайды.
Әлем кубогының кезеңі 26-27 маусым аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін өткен Азия чемпионатында жекелей сайыста Виктория Бутолина қола жүлдеге ие болған. Ал Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов синхронды секіру сайысында күміс медаль жеңіп алған еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінде көш басына шықты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан