1 күн бұрын
Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.
Норвегияның Осло қаласындағы Deichman Bjørvika мәдени орталығында өткен беделді жарыс 25 мамыр мен 5 маусым аралығында ұйымдастырылды. Турнирге Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украинадан әлемнің үздік алты шахматшысы қатысты.
Асаубаева жарыс барысында қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен, әлемдік рейтингтің екінші нөмірі Чжу Цзиньэрмен, үндістандық тәжірибелі шахматшы Хампи Конерумен, былтырғы турнир жеңімпазы Анна Музычукпен және әлем кубогының иегері Дивья Дешмукхпен сынға түсті.
Norway Chess Women турниріне алғаш рет қатысқан Бибісара жарыс тарихындағы ең жас шахматшы атанып, соған қарамастан чемпиондық атақты жеңіп алды.
Турнир екі айналымдық жүйе бойынша өтті. Әр қатысушы өз қарсыластарымен екі реттен ойнады. Классикалық партия тең аяқталған жағдайда жеңімпаз «Армагеддон» форматындағы қосымша партияда анықталды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан