6 сағат бұрын
Ескек есуден Азия чемпионатында ел қоржынына 4 алтын жүлде түсті
Фото:ҰОК
Түркістан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден жасөспірімдер, U23 жас санаты және параканоэ спортшылары арасындағы Азия чемпионатының екінші жарыс күні жалғасуда.
200 метр қашықтықтағы финалдық жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы тағы 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер:
• Сұлтан Шарапиев — каноэ, U23 жас санаты, 200 метр — алтын медаль;
• Стелла Суханова — байдарка, U23 жас санаты, 200 метр — алтын медаль;
• Тимофей Таранов — байдарка, U18 жас санаты, 200 метр — алтын медаль;
• Эвелина Костенко — байдарка, U18 жас санаты, 200 метр — алтын медаль;
• Ксения Сломинская — каноэ, U18 жас санаты, 200 метр — күміс медаль;
• Ульяна Киселёва — каноэ, U23 жас санаты, 200 метр — күміс медаль.
Айта кетейік, Азия чемпионатындағы шешуші жарыстар әлі де жалғасып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан