Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Азиада мен көшпенділер ойындары дирекциясының экс-басшы қамауға алынды

Азиада мен көшпенділер ойындары дирекциясының экс-басшы қамауға алынды

Азиада және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының бұрынғы басшысы Наиль Нұровқа қатысты ірі көлемдегі пара алу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қазіргі ақпаратқа сәйкес, ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалған.

Бұл жөнінде журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын этноауыл құрылысы жүзеге асқан.

Осы жоба бойынша келісімдер жасалғаннан кейін мердігер компаниялардан келісім сомасының шамамен 10 пайызы көлемінде заңсыз төлем талап етілуі мүмкін деген дерек бар.

Алдын ала есеп бойынша, күмәнді қаржы көлемі 40 миллион теңгеге жуықтайды.

Сонымен бірге іс материалдарында ақшаның бір бөлігі қолма-қол берілгені және мердігер тарап күдіктінің жеке қажеттіліктеріне қатысты кейбір шығындарды өтегені туралы мәліметтер келтірілген.

Наиль Нұров бұған дейін елдегі бірнеше ірі спорттық жобаны басқарған. Оның ішінде 2011 жылғы Азиада, 2017 жылғы Қысқы Универсиада және 2024 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бар.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Ресми органдар бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан