Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Олимпиада ойындарының жүлдегері Нариман Құрбанов Азия чемпионатынан тыс қалды

Олимпиада ойындарының жүлдегері Нариман Құрбанов Азия чемпионатынан тыс қалды

Фото:ҰОК

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионатынан тыс қалды.

Федерация мәліметінше, Азия чемпионатында Азия ойындары мен әлем чемпионатының жолдамалары командалық жарыс қорытындысы бойынша сарапқа салынатындықтан, құрамаға бірнеше снарядта өнер көрсете алатын гимнастар енгізілген.

Құрлық додасында ел намысын Милад Карими, Ильяс Азизов, Дмитрий Патанин, Роман Хегай, Дияс Тойшыбек және Нуртан Идрисов қорғайды.

Айта кетейік, Нариман Құрбановтан бөлек бұл додаға әлем кубогінің күміс медаль иегері Зейнолла Ыдырысов та тыс қалып отыр.

Ал Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында тұтқалы ат снаряд жатығуында күміс медаль еншілеп, елімізге спорттық гимнастикадан тарихи жүлде сыйлаған.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан