1 сағат бұрын
Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 13 медаль алды
Фото: Қазақстан ҰОК
Түркістанда байдарка мен каноэде есуден жастар (U23) және жасөспірімдер (U18) арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Оның алтауы - алтын, алтауы - күміс және біреуі - қола жүлде.
U23 санаты
Алтын медаль иегерлері: Стелла Суханова (байдарка-бірлік, 1000 метр), Дмитрий Холмогоров (байдарка-бірлік, 1000 метр), Сұлтан Шарапиев (каноэ-бірлік, 200 метр), Стелла Суханова (байдарка-бірлік, 200 метр)
Күміс жүлдегерлер: Полат Төребеков (каноэ-бірлік, 1000 метр), Мария Бровкова (каноэ-бірлік, 1000 метр), Ульяна Киселёва (каноэ-бірлік, 200 метр)
U18 санаты
Алтын медаль иегерлері: Тимофей Таранов (байдарка-бірлік, 200 метр), Эвелина Костенко (байдарка-бірлік, 200 метр)
Күміс жүлдегерлер: Богдан Носиков (каноэ-бірлік, 1000 метр), Тимофей Таранов (байдарка-бірлік, 1000 метр), Ксения Сломинская (каноэ-бірлік, 200 метр)
Қола жүлдегер: Анна Емельяненко (байдарка-бірлік, 1000 метр)
Айта кетейік, құрлық біріншілігі 7 маусымға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан