14 сағат бұрын
Шорт-трек пен конькимен жүгіруден Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Қазақстан командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Атап айтқанда, шорт-тректен ересектер құрамасын енді Азамат Салықұлы Сұлтанәлиев жаттықтырады. Осыған дейін бас бапкер қызметін Пётр Гамидов атқарды. Оның кезінде Қазақстан 2 әлем чемпионатынан күміс медальмен оралған.
Ал конькимен жүгіруден бірінші команда тізгінін Александр Александрович Жигин ұстады. Ол Александр Панфиловты алмастырды.
Екі маман осыған дейін түрлі жас санатындағы Қазақстан командасында жұмыс істеген. Алдағы уақытта қысқы спорт түрлерінен Ұлттық құрама командалар 2026-2027 жылғы маусымға дайындықты бастайды.
Еске салсақ,бұдан бұрын қҚазақстандық шорт-трек спортының шебері Абзал Әжғалиев шаңырақ көтерді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан