Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Бибісара Асаубаева мерзімінен бұрын чемпион атанғанымен соңғы турда жеңіліп қалды

Бибісара Асаубаева мерзімінен бұрын чемпион атанғанымен соңғы турда жеңіліп қалды

Фото:Chess.com

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінде мерзімінен бұрын чемпион атанған. Алайда жарыстың соңғы турында ол қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньге есе жіберді.

Жарыс қорытындысы бойынша Асаубаева турнирді 16,5 ұпаймен аяқтады. Егер қазақстандық шахматшы шешуші партияда жеңіске жеткенде, Norway Chess Women жарысының рекордын жаңартар еді.

Нәтижесінде Бибісара 2025 жылғы турнир жеңімпазы Анна Музычуктың көрсеткішін қайталады.

Norway Chess Women турнирі тарихындағы үздік нәтижелер:

• 2024 жыл — Цзюй Вэньцзюнь — 19 ұпай;

• 2025 жыл — Анна Музычук — 16,5 ұпай;

• 2026 жыл — Бибісара Асаубаева — 16,5 ұпай.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінде мерзімінен бұрын чемпион атанып, жарыс тарихында бұл жетістікке қол жеткізген алғашқы қазақстандық шахматшы атанды.

Осылайша Бибісара Асаубаева 700 мың норвегиялық крон көлемінде сыйақы алдя. Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 36,4 миллион теңгеге тең.

Асаубаева чемпиондық атағын соңғы тур басталмай тұрып-ақ қамтамасыз еткен.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан